Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бәделхан Қабдісіләмұлы Моңғолия Парламентінің бірінші сессиясын басқарады

2020 жылдың 27 маусым 2020 08:50

ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат – Моңғолияда ел Парламентіне 2020 жылғы сайлаудың нәтижелері жарияланып, жақын арада жаңа депутаттар ант береді. ҚазАқпарат бұл туралы Кaznews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Парламент туралы заңда көрсетілгендей, бірінші сессияны 76 депутаттың ішіндегі ең қарт мүше басқарады. Сондықтан бірінші сессияны Баян-Өлгей аймағынан сайланған 66 жастағы Бәделхан Қабдісіләмұлы басқарады», - делінген ақпаратта.

1954 жылы туған Б. Қабдісіләмұлы жаңа парламенттің ең қарт мүшесі болып отыр.

«2020 жылғы Парламент сайлауында Баян-Өлгей аймағынан Бәделхан Қабдісіләмұлы, Әубәкір Тілеуханұлы, Бейсен Бұланұлы сайланды», - деп жазады агенттік.

Баян-Өлгей аймағынан 3 депутаттық мандатқа 14 кандидат таласатыны бұған дейін хабарланған болатын.




Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай