Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Бакуде Түркістанның туристік әлеуеті таныстырылды

2019 жылдың 25 желтоқсан 2019 08:38

БАКУ. ҚазАқпарат – Бакуде Түркістанның туристік мүмкіндіктері таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әзербайжан астанасында Түркістан облыстық туризм басқармасының «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы «Түркістан облысының күндері» туристік-танымдық іс-шарасын өткізді.

Шара барысында Қазақстан делегация өкілдері Ұлы Жібек жолында өзіндік орны бар Түркістан қаласына облыс орталығы дәрежесін беру - қала инфрақұрылымының дамуына септігін тигізгенін атап өтті. Қазіргі күні қала өзіне туристерді тартып, туристік бизнес өкілдері мен жеке инвесторлардың аймаққа қызығушылығы артып жатыр.

Шараға туристік компания, туризм саласындағы ұйымдар, туристік ассоциация, Бакудегі ұлттық мәдени қор мен мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты - бірыңғай туристік маршруттар құру арқылы Түркістан облысына туристерді тартуға бағытталды.

Жоғары қарай