Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бакуде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы тойланды

2021 жылдың 17 қараша 2021 22:55

БАКУ. ҚазАқпарат - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өту аясында Қазақстанның Бакудағы Елшілігінде зиялы қауым өкілдерінің, студенттер мен қазақ диаспорасының қатысуымен мерекелік іс-шара өтті. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес биыл халықаралық және ұлттық деңгейде Жамбылдың 175 жылдығын тойлау бойынша бірқатар іс-шара өткізілгенін атап өтті. Дипломат ақынның өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдері туралы айта келе, Ж. Жабаевтың рухани мұрасы барлық ұрпақ үшін баға жетпес мақтанышы екенін жеткізді. Қоғамның өзекті сұрақтарын көтере алудың арқасында Жамбыл халықтың есінде мәңгі қалды. Ол тыңдаушысын өзінің эпикалық баяндамасының әдемілігі, тереңдігі мен нәзік ішкі мәтінімен әрқашан баурап алатын.




Жамбылдың шығармалары әлемнің 40-тан астам тіліне аударылып, бүкіл әлемге танымал алғашқы қазақ ақындарының бірі болды.

Сондай-ақ Елші Жамбыл Жабаевты қазақ даласының «Гомеры» деп атайтынын жеткізді. Оның бүкіл мұрасы қазақ халқының, түркі және әлемдік мәдениеттің рухани қазынасының алтын қорына енді.

Қонақтарға 1996 жылғы «Қазақфильм» киностудиясының «Жамбылдың жастық шағы» фильмі көрсетілді. Іс-шара аясында әзербайжандық тілшілер М.Касумова, Р.Гасымов және И.Фаталиев Қазақстан туралы үздік репортажы үшін ҚР СІМ және қазақстандық Бас редакторлар клубының президенті Б.Жексенбайдың алғыс хаттарымен марапатталды.











Жоғары қарай