Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Бақытжан Сағынтаев: Блокпостар алынғанымен, санитарлық қауіпсіздік талабы сақталады

2020 жылдың 31 мамыр 2020 11:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 1 маусымға қараған түні қала бойынша орналасқан барлық блокпостар алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram әлеуметтік парақшасында мәлімдеді.

Сондай-ақ ол блокпостарда жұмыс істеген барлық қызметкерлерге алғыс айтты.

«1 маусымға қараған түні қала аумағында орналасқан блокпостарды аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл – коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажетті шара болды. Барлық полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысымды білдіремін», - деді Сағынтаев.





Оның айтуынша, елде, соның ішінде Алматыда жағдайдың тұрақтануына байланысты шектеу алынады.

Бақытжан Сағынтаев барлық кәсіпорындар мен ұйымдар санитарлық қауіпсіздіктің күшейтілген шаралары негізінде жұмыс істейтінін еске салды. Үйлерді, аула алаңдары мен көшелерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізіле береді.

«Белгіленген тәртіпке бағынып, санитарлық гигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс маскаларын киіп жүруге шақырамын. Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!», - деп жазды қала әкімі.

Айта кетейік, осыған дейін қаладағы блокпостардың алынатыныны хабарланған болатын.








Жоғары қарай