Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлермен ШОБ-ты қолдау мәселелерін талқылады

2020 жылдың 1 желтоқсан 2020 13:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің онлайн-отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыс барысында шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері көтерілді.

Сондай-ақ, карантиндік шектеулер режиміндегі ШОБ қызметіне қатысты проблемалық мәселелер көтеріліп, дамудың перспективалық бағыттары, сондай-ақ билік органдарымен өзара іс-қимыл қарастырылды.

Кездесу барысында Алматы қаласының Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Учет» компаниялар тобының жетекшісі М. Барышев кәсіпорындардың қызметін қалпына келтіру перспективалары туралы айтты. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар мониторингілік топтардың қызметі, шығармашылық индустрия мен мектепке дейінгі білім беруді дамыту, пандемия кезіндегі туризм, автобус парктерінің жұмысы және басқаларын талқылады.

Әкім Б. Сағынтаев барлық көтерілген мәселелер қарастырылатынына сендірді. Оның айтуынша, келер жылға жоспар құрып, нақты және прогрессивті шешу үшін ондағы мақсаттар мен міндеттерді белгілеу қажет.

Отырысқа қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшин, әкімдік басқармаларының басшылары, Өңірлік кеңес мүшелері, кәсіпкерлер және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшылығы қатысты.


Жоғары қарай