Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балалар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды қадам - Марат Башимов

2021 жылдың 29 маусым 2021 21:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Танымал саясаттанушы, Еуропалық құқық пен адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Башимов республика мектептеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені бірнеше рет көтергенін атап өтті.

«Бүгін Үкімет отырысында білім министрі балалардың қауіпсіздігіне қатысты қолға алынған негізгі жұмыстарды атады. Бұл мәселені Мемлекет басшысы да бірнеше рет көтерді. Шешімдерге сәйкес, балаларды қорғауға барлық сала атсалысуы тиіс. Бұл жерде министр балалардың құқықтарын физикалық тұрғыдан қорғау туралы айтты. Қазан қаласындағы трагедия қайталанбауы керек. Физикалық немесе психологиялық қорғаныс ол маңызды емес, ең бастысы қауіпің алдын алу шарт. Бүгінде барлық қазақстандық мектептер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын емес екенін мойындау керек. Әлі күнге дейін қылмыс көп тіркелетін өңірлер бар. Техникалық мәселелер шешілмеген. Сондықтан мына аласапыран заманда балалардың қауіпсіздігін бақылау өте қажет», - деді Марат Башимов.

Оның пікірінше, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру маңызды.

«Ақпараттық ғасырда кәмелетке толмағандарды жеке тұлға етіп қалыптастыруда ата-анадан басқа қоғам мен мемлекет белгілі бір рөл атқарады. Себебі балалар оларды көбірек тыңдайды және қабылдайды. Қалай істеу керек, қайда бару қажет, кімге жүгінген дұрыс сол сияқты. Біз білім беру жүйесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек деп санаймын. Бұл барлық жерге бейнекамераларды қоюмен ғана шектелмеуі тиіс. Сонымен қатар, біздің балалар тәрбиесіне барынша ден қоюымыз маңызды. Бұл мектепке дейінгі, орта және жоғары білім алудың барлық кезеңін қамтиды.

Марат Башимов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алаңында Президент адам құқығын қорғау саласында бірінші кезекте тұрған халықаралық стандарттарды енгізу туралы үнемі айтатынын тілге тиек етті. Онда балаларды қорғау бірінші орынға шығады.

«Бізде жақын арада жүзеге асырылатын кешенді жоспар бар. Онда балаларды қорғау бірінші кезекте тұр. Себебі біз БҰҰ-ның алты негізгі конвенцияларының ішінен балалар құқығы туралы конвенцияға қол қойдық. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының адам құқығы көрсеткіштерін теңестіру туралы талабы маңызды. Көрсеткіштердің біріншісі - кәмелетке толмағандардың қауіпсізді», - деп атап өтті спикер.

Еске салайық, бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 10 шілдеге дейін «Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын» бекітуді тапсырды.


Жоғары қарай