Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Балалар күніне біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы ақпарат жалған - министрлік

2022 жылдың 15 мамыр 2022 15:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға «Kaspi gold» мобильді қосымшасындағы әлеуметтік шот арқылы біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы ақпарат жалған. Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады.

«Азаматтардан жалған ақпараттарға назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз. жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады», - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетсек, «Kaspi gold» қосымшасында республикалық бюджеттен бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыны ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет жүзеге асырылған. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген қосымша арқылы азаматтар республикалық бюджеттен жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы ресімдей алады. Жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалар санына байланысты сараланады. Осы жылы бірінші балаға ай сайын 17 643 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға – 20 860 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға – 24 045 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаға – 27 261 теңге (8,90 АЕК) төленеді.

1 мамырдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны орта есеппен 46,5 мың адам 4,7 млрд теңге сомаға алды.


Жоғары қарай