Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Балалар жылы: Қарағандыда жаңа жоба іске қосылды

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 15:25

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды Достық үйінің медиаорталығы әлеуметтік желілерде BALAQAY.TV жобасын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жоба бала жылы аясында жүзеге асырылды. Ол біздің достық үйімізде құрылған медиаорталықтың мүмкіндіктерін пайдалануға арналған. Жобаға аналар кеңесінің, «Ассамблея жастары» ұйымының және Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысады. Алдағы уақытта оқу орындарымен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз», – дейді «Қоғамдық келісім» баспасөз хатшысы Индира Тоқмұрзина.




Жоба үш бағыттан тұрады. Аптасына бір рет шығатын болады.

Мысалы, «Ертегілер елінде» айдарында біздің өңірде тұратын этностардың халық шығармашылығымен танысуға болады. «Сәттілік тіледім, Жас дарын!» айдарында әр ұлттың ұлттық киімдері, тағамдары, шығармашылық мүмкіндіктері туралы әңгімелейді. «Бұл кім? Мынау не?» бөлімінде балалар бізді қоршап тұрған заттар туралы біледі.






Жоғары қарай