Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балаларына жауапсыз қараған 2 мыңнан астам ата-ана жазаланды

2021 жылдың 31 мамыр 2021 17:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде балаларына жауапсыз қараған 2 мыңнан астам ата-ана жазаға тартылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жазғы кезең басталып, оқу сабақтар аяқталғаннан кейін балалардың жарақат алу тәуекелі немесе оларға қатысты жасалатын құқыққа қайшы іс-әрекеттер біршама артып кетеді. Жасөспірімдердің немесе оларға қарсы жасалатын қылмыстарға тән негізгі себеп - бос уақыттың ұйымдастырмауы және отбасыдағы қолайсыз жағдай. Полиция есебінде 5 мыңнан астам жасөспірім және 7 мың қолайсыз отбасы тұр», - деді комитет төрағасының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Алексей Милюктің дерегінше, жыл басынан бері өз балаларына тәлім-тәрбие беруден жалтарғаны үшін екі мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар шамамен 300-і полицияның өтінішхатымен ата-ана құқығынан айырылды.

«Жасөспірімдердің заңды өкілдерінің қарауынсыз үй саналмайтын ғимараттарды және көңіл көтеру орындарында жүргені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген», - деді ол.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Қоғам,
Жоғары қарай