Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқаш қаласының әкімдігі Ауған соғысы ардагеріне үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті

2020 жылдың 6 тамыз 2020 13:25

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат - Апатты жағдайдағы үйде тұратын, Ауған соғысының ардагері Болатбек Қалибеков 5 тамызда Балқашта үш бөлмелі пәтердің кілтін алды. Тұрғын үйді алуға «Тастемір» ЖШС жәрдемін берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың қаңтарында Балхаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбековке Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлерінің жауынгерлік бауырластығының өкілдері келді. Олар Ауған соғысының ардагері Болатбек Қалибеков туралы, оның өмірлік жары, ұлы мен мүгедек анасынан құралған отбасы жайында, олардың орталық су құбыры бармайтын апатты үйде тұратындығы жайлы айтып берді.

Болатбек Қалибеков Ауғаныстандағы интернационалдық парызын орындау барысында жараланған болатын. Уақыт өте келе оның денсаулығы сыр бере бастады. Оған тұрақты түрде емделу қажет.

Осыған қарамастан, Болатбек «Қазақмыс» корпорациясында 25 жыл бойы автотиеуші болып жұмыс істейді.

Ораз Таурбеков Қалибековтар отбасының мәселесіне бейжай қарай алмай, тұрғын үйдің мәселесін шешіп беруді уәде етті. Сол сөзін жерге тастамай 5 тамызда қала басшысы Болатбек Қалибековқа үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Ауған соғысының ардагеріне жайлы жабдықталған пәтерді «Тастемір» ЖШС демеушілік көмегінің арқасында сатып алуға ыңғайы туды.


Басты сөздер: Қарағанды облысы,
Жоғары қарай