Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқаш көлі маңында чартерлік ұшақ аударылып қалды

2021 жылдың 17 қазан 2021 17:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында чартерлік ұшақ аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инновациялық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«17 қазан күні сағат 11:15-те Cessna 182 чартерлік әуе кемесінің командирінен ұшақтың төңкеріліп кеткені туралы хабар келіп түсті. Әуе кемесінде 2 адам болған. Бірі экипаж мүшесі, екіншісі жолаушы. Зардап шеккендер жоқ»-, деді министрліктің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев.

Оның айтуынша, ұшақ апаты Алматы облысының аумағында Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында болған.


Фото: Cessna/Twitter
Жоғары қарай