Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Балқаш пен Алакөлге апаратын жолдардың сапасы қандай

2020 жылдың 2 маусым 2020 13:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның туристік орындарына апаратын жолдардың сапасы жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 4 мың шақырым республикалық жол салынып, жөндеуден өтеді деп жоспарланған. Нақты Балқаш пен Алакөлге тоқталсақ, биыл 2 мың 600 шақырым жол бойынша қозғалысты ашамыз. Оның ішінде, Қарағанды-Балқаш-Қапшағай және Талдықорған-Үшарал-Өскемен бағыттары бар. Бұл бағыттарда күшейтілген жұмыс жүріп жатыр. Бірден, жол бөліктерін атар болсам, ұзындығы 700 шақырым болатын Талдықорған-Үшарал жолы бар. Үшаралдан Достыққа дейінгі 60 шақырымға асфальт төсеу жұмыстары басталып кетті. Қалбатау жақтан да жол бөлігін жөндеуді аяқтадық», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру брифингінде.

Қарағанды трассасы бойынша министр Карағанды-Балқаш жолының биыл ашылатынын хабарлады.

«Әрине, оның кейбір бөліктері техникалық себептермен кешігуі мүмкін. Дегенмен, Қарағанды-Балқаш-Қапшағай жолының негізгі бөлігін жыл соңына дейін қолданысқа береміз. Келесі жылы сүйікті курорттық орындарымызға тамаша жол үстімен жетеміз деп ойлаймын», - деді министр.


Жоғары қарай