Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқашта еріктілер зейнеткердің өртенген пәтерін жөндеп берді

2021 жылдың 3 наурыз 2021 22:15

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаштық зейнеткер оттан аман қалып қана қоймай, жанашыр жандар оның пәтерін қалпына келтіруге көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпан айының ортасында өрт бөлімшесінің пультіне көбқабатты үйлердің біріндегі пәтерді от шарпығаны туралы хабарлама келіп түсті.

Бір бөлмелі үйдің жиһазы жанып, ішінде 69 жастағы қария болғаны анықталды.

Өрт 10 минутта өшірілді. Ер адам I және II дәрежелі күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

Зардап шегушінің пәтері түгелдей өртеніп кеткен. Бөлме қоқысқа толып, жылу жүйесі мен сумен жабдықтау құбырлары тозған.

Бұл туралы ақпарат әкімдікке берілді. Қалалық мәслихат депутаты Болат Мусин зейнеткерге өз еркімен көмегін ұсынды.




Оған «Горкомхоз-2012» ЖШС қызметкерлері қолдау көрсетті.

Балқаштың «күміс» еріктілері барлық қоқысты пәтерден шығарып, жөндеу жұмысын жүргізді.

Қабырғалар ескі тұсқағаздардан тазаланып, терезелер, есіктер сырланды, едені жылытылды.

Олар тіпті қажетті жиһаз алып келген.

Барлық қажетті заттарды бірлесіп жинады.

Нәтижесінде емделіп шыққан зейнеткер жаңартылған пәтерге оралды.


Жоғары қарай