Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқашта заңсыз қоқыс үйіндісі тазартумен айналысатын мердігер белгіленді

2021 жылдың 20 шілде 2021 05:41

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқашта қаланы рұқсатсыз қоқыс үйінділерін тазартатын мердігер анықталды. Ол жұмысты қоқыс полигонын басқаратын «DD-Jol» ЖШС компаниясы атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоқыс шығарғаны үшін төлем жасағысы келмеген кейбір балқаштықтар оны далаға лақтырып тастаған. Жиналған үйіндіден көбінесе өрт шығады. Балқаш қаласының билігі бұл мәселені шешу үшін шаралар қабылдады. Сәуір-маусым айларында еріктілер мен мемлекеттік қызметкерлер сенбілік ұйымдастырды. Осы уақыт ішінде 1 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, оның ішінде 58 рұқсат етілмеген қоқыс орыны жойылды.

«Енді DD-Jol компаниясы рұқсат етілмеген қоқыстарды жоюмен айналысады. Алдымен мердігер қала ішінде жиналған қалдықтарды шығарады. Железнодорожная және Степная көшелерін, сондай-ақ Сәбитов атындағы және Қоңырат шағын аудандарды қамтиды», - деп мәлімдеді Балқаш қаласы әкімдігінен.

Екінші кезеңде ҚТҚ полигонының сыртындағы рұқсат етілмеген үйінділерді жою жоспарлануда. Алдын ала есеп бойынша онда 13 мың тоннадан астам қоқыс жиналып қалған.











Жоғары қарай