Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқашта зейнеткерлерге арналған белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

2021 жылдың 12 мамыр 2021 08:28

БАЛҚАШ. КазАқпарат – Балқаштағы М. Хамзин атындағы Мәдениет сарайында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істей бастады. Енді аға буын өкілдері бос уақытын құрдастары және пікірлестерімен бірге қызық және пайдалы етіп өткізе алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балқашта 11 мыңға жуық зейнеткер тұрады.

Олар үшін арнайы орталықта мерекелерге арналған түрлі іс-шаралар өткізіліп, байқаулар мен спорт жарыстары ұйымдастырылады.

Бірақ мұның бәрі карантин аяқталғаннан кейін болады.

Әзірге орталыққа дойбы, шахмат ойнауға, сондай-ақ сурет салу мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.







Олар сондай-ақ қолөнер, тігін және тоқу өнерін дамытуды ойластырған.

«Біздің есігіміз қаланың барлық ниет білдірген зейнеткерлері үшін ашық. Біз уақытты қызықты өткізіп, түрлі іс-шараларға белсенді қатысатын боламыз. Жобаны ардагерлер кеңесі дайындады. Бізге қаражат бөлінді, арманымыз жүзеге асты», – дейді Балқаш қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Тайтөлеу Жұманов.





Жоғары қарай