Балқашта жолда бұзылған автобустан 51 адам эвакуацияланды

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаш қаласының құтқарушылары вахталық автобустың сынуы салдарынан далада қалып қойған 50-ден астам адамды құтқарды. Жұмыскерлер түнделетп қалаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17 қараша сағат 3:11-де Балқаш қаласынан 4 шақырым жерде «Саяқ кенті – Балқаш қаласы» автожолында техникалық ақауы бар вахта автобусынан 51 адам эвакуацияланып, Балқаш қаласына жеткізілді.
Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекті қажет етпеді.
Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райының бұзылуына байланысты уақытша алыс жолға шықпай, жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеру, ауа райы, дауылды ескету туралы ақпаратты қарау керектігін ескертеді.