Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқаштағы жанып жатқан коллектордан ер адамның денесі табылды

2021 жылдың 2 наурыз 2021 11:48

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаш қаласының өрт сөндірушілері жалынмен күресу барысында жылу коллекторынан ер адамның мәйітін тапты. Қазіргі таңда мамандар өлімнің себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңертең Балқаш қаласының Ағыбай батыр көшесіндегі №17 үйдің тұрғындары жақын маңдағы жылу трассасынан түтін шығып жатқанын байқап, өрт сөндірушілерді шақырған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер коллектордан ер адамның денесін тапты.

«1 наурыз күні сағат 07:35-те Балқаш қаласының Ағыбай батыр көшесі, №17 үйдің жанында жылу трассасының коллекторында 8 ш. м. алаңда қоқыс жанып кетті, өрт 07:52-де жойылды. Оқиға орнында ер адамның жанып кеткен денесі табылды. Өлімнің мән-жайы анықталуда. СМЭ тағайындалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.


Жоғары қарай