Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқаштық меценат тұрмысы төмен 100 отбасына азық-түлік алып берді

2021 жылдың 14 мамыр 2021 00:45

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаш қаласында тұратын бизнесмен Серік Қасымбеков өз қорынан 100 мұқтаж отбасы үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алуға 2 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осылайша меценат «Ел тірегі – Елбасы» республикалық акциясына қатысты.

«Игі істер жасау – халқымызға тән қасиет. Мен қаламыздың кәсіпкерлерін қайырымдылыққа белсенді қатысуға шақырамын», – деді Серік Қасымбеков.

Азық-түлік жиынтығына ұн, макарон, күріш, қант, өсімдік майы және кәмпиттер кірді. Қайырымдылық көмекті буып-түюге және тасымалдауға еріктілер қатысты.

«Азық-түлік себеттерін алу тізімінде мүгедектігі бар азаматтар, мүмкіндігі шектеулі балалар, жұмыссыздар, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінде болатын азаматтар бар», – деді Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлмира Махтбекова.








Жоғары қарай