Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Балқаштың демалыс орындарына апаратын жолдар жөнделе бастады

2020 жылдың 27 маусым 2020 07:26

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биылғы жазда Қарағанды облысының Балқаш қаласында туристерге жайлы жағдай жасау үшін жолдардың ең проблемалық учаскелерін жөндеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жазда Балқашта туристердің жайлы жүріп-тұруы үшін жолдардың ең проблемалық учаскелерін жөндеу жоспарланған. Шұбар-Түбек кентінде, «Балдәурен» профилакториясына кіреберісте, Бертіс шығанағындағы демалыс аймақтарына апаратын учаске және Балқашқа кіреберістегі көпірде 24 шақырым асфальт жаңартылды.

«Бұл өте жақсы, енді машинамыз тез тозбайды. Оның үстіне мұнда демалыс орындары, туристер көп, олар үшін ыңғайсыздық болмайды», - дейді Тораңғалық ауылының тұрғыны Дмитрий Рудометов.

Торанғалық кентінде ұзақ жылдар бойы жол жұмыстарын қаржыландыру жеткілікті болған жоқ. Биыл бұл мәселені шешу мүмкін болып отыр.

«Біздің ұйым 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Негізгі қызметіміз - жолдарды жөндеу, жергілікті, облыстық және республикалық маңызы бар трассаларға қызмет көрсету. 23 маусымда Торанғалық кентіндегі жолдарды орташа жөндеуден өткіздік. Қазір республикалық трассадан 7 шақырым болатын негізгі жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 30 шілдеде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді мердігер ұйымның директоры Маратхан Жұмалиев.

Ауылға кіреберісті Абай орталық көшесі жалғастырып жатыр, онда да жаңа жабын үшін негіз дайындалды. Жағалау көшесінде да жақсы асфальт төселеді. Кентте барлығы 1,3 шақырым жол жабыны ауыстырылады.

Жоғары қарай