Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқаштың көшелеріне 200 мың гүл отырғызылады

2021 жылдың 15 мамыр 2021 00:21

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаштың гүлзарларында гүл көшеттері отырғызыла бастады. Жақын арада қала 200 мың гүлмен безендіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көгалдандырумен «Зеленстрой» қызметкерлері айналысады. Олар өсімдіктерді тыңайтып, суаратын болады. Күн сайын қаланы безендіру бойынша 15 адам жұмыс істейді.

«Гүл отырғызбас бұрын, топырақ қопсытылып, тегістеледі. Сонан соң арықтар жасап, топырақ төгеміз. Біз өсімдіктерге де жауап береміз. Аптасына үш рет су тасушы келіп, гүлдерді суаратын болады», – деді «Зеленстрой» ЖШС бригадирі Алпысбай Сағындықов.

Балқаштың гүлмен безендірілуі әкімдік жанындағы гүлзарлардан басталды. Содан кейін мариголдтар мен петуньялар Тәуелсіздік алаңын, Ағыбай батыр көшесін және Орталық саябақтағы жағалауды безендіреді.














Жоғары қарай