Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бандиттер «Қазақстан» қонақ үйінде командалық штаб құрған - Президент

2022 жылдың 29 қаңтар 2022 20:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бандиттер «Қазақстан» қонақ үйінде командалық штаб құрған. Бұл туралы «Хабар» телеарнасына сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызықты факті. Саны көп бандиттік топтардың бірі бесжұлдызды қонақ үйде тұрған. Оларға мұның барлығын кім төлеп берді. Жәнеде олар өздерінің командалық штабын «Қазақстан» қонақ үйінің бірінші қабатында орналастырған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, адамдар тергелу үстінде. Мұның алдында ойлаудың өзі қиын болған осындай фактілер анықталып жатыр», деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбат барысында қаңтардағы оқиғаларға қатысқан бандиттер есірткіге елтіген күйде болған әрі операцияға тыңғылықты дайындықпен келгендігін баса айтты.



Жоғары қарай