Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бәріміз бір-біріміз үшін жауаптымыз – Волонтер карантин туралы

2020 жылдың 3 шілде 2020 14:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғам белсендісі, «Волонтерлер лигасы» қоғамдық қорының төрағасы Айсұлу Ерниязова карантинді қатаңдату шаралары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы да жауыр болған тақырыпқа оралайық. Президент карантинді қатаңдату шараларын әзірлеуді тапсырды. Өйткені, елімізде төтенше жағдай мен карантин түсініктерінің айырмашылығын, бірін алғанымен, екіншісі қалғанын түсінгендер аз болды. Әрине, барлығы шаршады, мұны жақсы түсінемін. Кей адамдар бірден қыдыруды бастады. Адамдар жаппай көз жұма бастаған соң ғана есімізді жиғандай болдық», - деп жазды қоғам белсендісі Instagram желісінде.

Спикер әкімдерге жасалған сөгіс пен ескертудің баршамызға қатысты екенін айтты.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы әкімдерге ескерту мен сөгіс жариялады, өйткені олар – халық үшін жауапты тұлғалар. Бірақ бұл – баршамызға арналған ескерту. Сонымен бірге бізге жасалған қамқорлық! Сондықтан да, шектеулерді күшейту шараларына түсіністікпен қараған жөн. Бұл – біздің өз денсаулығымызға және айналамыздағы адамдарға салғырт қарамауымыз үшін қажетті шаралар. Барлық мәселелердің шешімі бар, ең бастысы #Birgemiz және осылай ғана жеңіске жетеміз. Бәріміз бір-біріміз үшін жауаптымыз», - дейді Айсұлу Ерниязова.

Еске сала кетейік, кеше ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың өсуін ескере отырып, биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданған еді.


Жоғары қарай