Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Барлығымызды тіл біріктіреді - Елбасы

2021 жылдың 28 сәуір 2021 15:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықты біріктіретін тіл екеніне назар аудартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ халқы полиэтникалық қоғамды шоғырландыратын интеграциялық процесстердің арқауын қалыптастырды. Бүкіл әлемде солай жасалады, тіл барлығын біріктіреді. Мәселен, америкалықтар мыңдаған халықтан құралған. Бірақ, оларды ағылшын тілі біріктіріп отыр», - деді ҚХА-ның ХХІХ сессиясын ашқан Елбасы.

ҚР Тұңғыш Президенті әлемнің барлық елінде халықты тіл біріктіретінін баса айтты.

«Бұған қоса, біз еліміздегі этностардың мәдениетін, тілін дамыту үшін қажетті барлық жағдайды қамтамасыз еттік. Соның аясында қазақстандықтар ортақ мақсатымыздың және ортақ ұмтылысымыздың төңірегіне топтасты. Әрқайсысы біздің бірлігімізді, өзара құрметімізді, отаншылдық пен жауапкершілігімізді нығайтуға үлес қосты», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Жоғары қарай