Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Барлық балабақша тәрбиешілеріне жеңілдікпен үй алу мүмкіндігін беру ұсынылды

2022 жылдың 13 мамыр 2022 14:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілеріне де жеңілдікпен баспана алу мүмкіндігін беру керек. Бұл туралы Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрағасы Лейла Күленова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қауымдастық басшысының айтуынша, елімізде балабақшалардың тәрбиешілері үшін заңнамада біліктіліктеріне төлемдер мен үстемеақы қарастырылған. Алайда, бюджетте бұл мақсатқа қаражат қарастырылмайды.

«Әкімдік мемлекеттік балбақшаларға қаржыны жергілікті бюджеттен береді. Сондықтан да тәрбиешілер мемлекеттік балабақшаға жұмысқа тұру үшін барлық мүмкіндікті іздейді. Мұның үстіне олар жеңілдікпен пәтер ала алады. Ал біздің тәрбиешілерімізде ондай мүмкіндік те жоқ. Біздің де тәрбиешілерімізге тым болмаса жалдамалы пәтер, жеңілдікпен несие алу мүмкіндігі берілсе дұрыс болар еді. Оның қай жерде жұмыс істегенінің еш айырмашылығы жоқ қой», - деді Лейла Күленова.

Сонымен қатар қауымдастық өкілдері жекеменшік балабақша тәрбиешілерін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың тізіміне қосуды ұсынып отыр.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Білім,
Жоғары қарай