Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Барлық маңызды тауар топтамасы бойынша қадағалау жұмыстары жүріп жатыр – Асқар Мамин

2021 жылдың 20 қазан 2021 12:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Асқар Мамин әлеуметтік маңыздағы тауарларға қатысты бағаны қадағалау бойынша Үкіметтің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әр сенбі сайын онлайн режимде өңірлерді қамти отырып конференция өткіземіз. Осы орайда әкімдер қалыптасқан жағдайды баяндайды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар топтамасының бағасын қадағалау, нақты баға бойынша алдағы үш айдағы кезеңге шарттардың болуы тақырыптарын талқылаймыз. Бұл қадамдар әлеуметтік маңыздағы тауарларға бағаның негізсіз өсуін тежейді», - деді А. Мамин Мәжілістің жалпы отырысында.

Үкімет басшысы әр өңірге қатысты бұл мақсаттарға қанша қаражат бөлінгені, тауарларды сақтау жағдайы бақылауда екенін айтты.

«Яғни, барша тауар топтамасы бойынша қадағалау тұрғысында тыңғылықты жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Премьер-Министр.

Еске сала кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев елімізде инфляцияның өсуінің негізгі себептерін айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2022 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,3% деңгейінде болжанып отырғанын айтты.



Жоғары қарай