Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Барлық министрлік бюджетін ашық жариялай бермейді - депутат

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 18:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова мемлекеттік органдардың ашық бюджеттердің интерактивті картасы аясында қалай жұмыс істеуі керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық мемлекеттік органдар заң бойынша өз бюджеттерін, яғни мемлекет бөлетін барлық қаражат туралы мәліметті толық көлемде жариялауға міндетті. Мысалы, мектепке компьютер алуға ақша бөлінген-бөлінбегені туралы сұрақ қойылады. Иә, ол үшін ақша бөлінеді және оны ашық бюджет картасынан көруге болады. Бюджет ақшасы - біздің ақшамыз. Бұл қаражаттың барлығы тиімді жұмсалуы керек. Оның қаншалықты тиімді жұмсалатынын біз ашық бюджеттер картасынан көре аламыз», - деді Ирина Смирнова өзінің Facebook парақшасында өткен «Astana - adaldyk alany» жобасында берген сұхбат барысында.

Оның пікірінше, қаражат тиісті жерге жұмсалмаған жағдайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі немесе басқа да тиісті органдарға хабарлануы керек.

«Мен барлық мемлекеттік органдар өз бюджетін жариялау туралы заңды орындауы керек деген ұсыныспен депутаттық сауал жолдадым. Мұндай ақпаратты барлық министрлік жариялай бермейді. Мысалы, Қаржы министрлігі бюджетіне қатысты ақпаратты жариялайды. Басқа министрліктер мұндай мәліметті жарияламайды. Біз осы заңның орындалуын қамтамасыз етуіміз керек», - дейді ол.


Жоғары қарай