Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Барлық өңірде көмір тапшылығы болмайды - Атамқұлов

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 12:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың 8 айында елімізде 68 млн тонна көмір өндірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік апта сайын халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізіп отыр. Көмір өндіруші компаниялардың жедел деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-тамызда шамамен 68 млн тонна көмір өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,5 пайызды құрайды», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның атап өтуінше, «Богатырь көмір» «Шұбаркөл көмір» және «Қаражыра» сынды ірі көмір компаниялары көмір өндіруді арттырған.

«Жалпы, барлық өңірлерде жеткілікті мөлшерде көмір қоры жинақталған, дүрлікпе мен тапшылық болмайды. Теміржол көлігі паркі көмірді толық көлемде тасымалдауды қамтамасыз етеді», - деді ол.


Жоғары қарай