Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

«Барыс» капитаны ҚХЛ плей-офф сұрмергендері тізімінде көш бастады

2019 жылдың 7 наурыз 2019 19:51 1036

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың «Барыс» хоккей клубының капитаны Брэндон Боченски ҚХЛ плей-офф сұрмергендері тізімінде көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ресейдің «Торпедосына» қарсы серияның бесінші матчында (3:1) 36 жастағы спортшы «Барыстың» екінші шайбасын соқты. Осылайша, Боченски 9 ұпай (3+6) жинап, өзге қарсыластарын басып озды. Айта кетейік, Қазақстан клубының капитаны ассистенттер тізімінде де көш бастап тұр.

«Барыстың» тағы бір форварды Мэттью Фрэттин 7 ұпай (5+2) жинап, үздіктер бестігінен көрінді. Бес нәтижелі пас берген Кертис Волк ассистенттер тізімінде Боченскидің ізін қуып келеді.

 

 

 

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай