Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бас Прокуратура тәртіпсіздіктер мен террористік шабуылдан қаза болғандардың жалпы санын атады

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 21:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде енгізілген Төтенше жағдай кезінде қайтыс болғандардың жалпы саны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп, тексеруге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 4578 жәбірленуші анықталды. Оның 4353-і жараланды. Оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде моргтерге қазақ тапқан 225 адам жеткізілді. Олардың бір бөлігі террактілерге қатысқан, ғимарттар мен құқық қорғау қызметкелеріне шабуыл жасаған қарулы бандиттер. Қаза болғандардың ішінде 19 полиция және әскер қызметкерлері де бар. Аталған деректер алдын ала сипатта. Олар әлі нақтыланып жатыр, өзгеруі де мүмкін. Дегенмен, әрбір факт мұқият тексеріледі, нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі «, - деді Бас прокуратура өкілі.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдардың басшыларымен кеңес өткізіп , Қазақстанда, соның ішінде Алматыда болған қайғылы жағдайларды жан-жақты зерттеу қажеттігін айтқан болатын.


Жоғары қарай