Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Баспана бағасы тағы қымбаттады

2021 жылдың 11 мамыр 2021 16:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйлердің бағасы 0,8 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратқа сәйкес, бір айда (2021 жылғы сәуір 2021 жылғы наурызға қарағанда):

- абаттандырылған тұрғын үйді алып-сату бағасы 1,7 пайызға;

- жаңа тұрғын үйлерді сату 0,8 пайызға;

- абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,1 пайызға қымбаттады.

Сондай-ақ ведомство мәліметінше:

- таза әрленген және әрленбеген жаңа пәтерлердің бір шаршы метрі республика бойынша 327 014 теңгені;

- абаттандырылған тұрғын үйлердің шаршы метрі 261 776 теңгені;

- абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1 шаршы метріне 1 744 теңгені құрады.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Тұрғын үй, Экономика,
Жоғары қарай