Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бассейндер мен фитнес залдар қандай жағдайда ашылады

2020 жылдың 26 мамыр 2020 18:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова бассейндер мен аквапарктердің, SPA орталықтар мен фитнес залдардың қандай жағдайда ашылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин шараларын жеңілдетуді ауру деңгейіне қарай кезең-кезеңімен жүргіземіз. Аталған нысандар ауру деңгейі 2 пайызға түскенде ғана ашылады. Қазір болжам айту қиын. Карантин шараларын қалай сақтасақ, нысандар да солай ашылады», - деді спикер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, бас санитарлық дәрігер санитарлық нормаларды бұзғандарға қандай шара қолданылатынын айтты.

«Қолданыстағы заңнама, яғни Кәсіпкерлік кодексі эпидемия қаупі болғанда жоспардан тыс тексеру жүргізуге рұқсат береді. Санитарлық нормалар мен талаптарды орындамайтындарға Әкімшілік кодекстің 462-бабында (Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау) әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деді А. Есмағамбетова.

Бұған дейін бас санитарлық дәрігер Қазақстан әуежайларында өзге елде жүргізілген ПТР тестінің нәтижесі қабылданатынын хабарлаған еді.

Одан бөлек, А. Есмағамбетова әуе, темір жол қозғалысы ашылса да, блокпосттардың неге алынбайтынын түсіндірді.

COVID-19 науқасымен байланыста болғандар екі топқа бөлінетін болады.

Ал коронавирус инфекциясына тест тапсыратын адамдардың жаңа санаты жарияланды.

Сонымен бірге, Бас санитарлық дәрігер ашық ауада не үшін маска тағу қажеттігін түсіндіріп, коронавируске сенбейтін тұрғындарға жауап берді.


Жоғары қарай