Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бастау бизнес: Алматыда 277 адам мемлекеттік қолдауға ие болды

2021 жылдың 14 қазан 2021 15:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында «Бастау бизнес» жобасының қалай жүзеге асып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, биыл 2 201 әлеуетті кәсіпкер курстан өтті, оның 277-сі мемлекеттік қолдауға ие болды.

«Бизнестің басталуы оқыту барысында қаланады. «Бастау бизнес» қатысушыларын кәсіби бизнес-жаттықтырушылар оқытады, олар қандай қаржы институттарында және қандай шарттар бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкердің бастапқы капиталды алу мүмкіндігі бар екенін айтады. Жаңадан келген кәсіпкерлерге бизнес-жоспарды бірнеше қадамға қалай бөлуге және оларды өздеріне зиян келтірместен дәйекті түрде орындауға болатындығы түсіндіріледі»,-дейді ол..

Бағдарламаға қатысушыларға 200 АЕК көлемінде гранттар бөлінеді – бұл шамамен 500 мың теңге. Бұл ақша өз ісін ашуға жеткілікті.

Сонымен қатар, ол «Учёт.кз» Atameken Business Club платформасы іске қосылғанын атап өтті.

Енді ниет білдірушілер бухгалтерлік есеп, салық, кадрлар және бизнесті жүргізудің басқа да өзекті мәселелері бойынша тегін онлайн-кеңестер ала алады.

Сондай-ақ сабақтарды Amazon, Wildberries, Yandex Go, Ozon және Satu.kz сияқты ірі холдингтердің өкілдері жүргізеді.

Биыл Almaty Business – 2021 оқыту бағдарламасы іске қосылды. Ол жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерін акселерациялауға бағытталған.

«Осы бағдарлама аясында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге бизнестің заманауи құралдары үйретіледі. Биылғы жылы 1 000 ШОБ субъектісі білім алды. Негізінен олар – азық-түлік және азық-түліктік емес ритейл, қоғамдық тамақтану объектілері, қызмет көрсету саласы, жиһаз, тамақ және тігін өндірісінің өкілдері», - деді Айтуар Қошмамбетов.

Палата директоры кәсіпкерлерді бәсекелестіктен, оқудан үрейленбеуге шақырды. Оның пікірінше, бизнестегі салауатты бәсекелестік – дамудың жақсы мүмкіндігі.


Жоғары қарай