Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Бастау бизнес» жаппай кәсіпкерлікті дамытудың маңызды құралына айналды – Нұрсұлтан Назарбаев

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 15:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бастау бизнес» жобасының 5 жылдығына арналған форумға қатысушыларға бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баршаңызға мәлім, шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сол үшін біз тиісті заңнаманы жетілдіріп, салық ауыртпалығын азайттық, әкімшілік рәсімдерді қысқартып, кредиттік ресурстарға қолжетімділікті арттырдық. Соның арқасында елімізде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жыл санап артып, экономиканың осы секторында еңбек ететін азаматтар көбейді. Қазіргі таңда шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін адамдардың саны 4 миллионға, ал оның жалпы ішкі өнімдегі үлесін 35 пайызға жеткізу үшін біраз шаруа атқарылып жатыр. Бұл міндет «Нұр Отан» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты бағдарламасында нақты көрініс тапты», - деп атап өтеді ҚР Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы елімізде жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бастама көтергенін еске салып өтеді.

«Бүгінде бұл бастама осы мақсатқа қол жеткізудің маңызды құралына айналып отыр. Онда ауыл-аймақтар мен шағын қалаларда өз ісін бастаған кәсіпкерлерді қолдауға ерекше көңіл бөлу керегі айтылған. Бастаманың тағы бір негізгі бағыты – жаңадан кәсіп ашқан бизнесмендерді қолдау шараларын қаржылық сауаттылыққа оқыту жүйесін енгізу еді. Сөйтіп, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау бизнес» жобасын қолға алды. Ол нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды.


Жоғары қарай