Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Бастау, Демеу, Шебер – ауыл тұрғындары үшін аграрлық оқыту курстары басталады

2020 жылдың 18 ақпан 2020 11:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы алдағы жылдары Қазақстанда 200 білім тарату орталығын ашуды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл тұрғындарына шаруашылықты жүргізу дағдыларын үйрету бойынша жүйе құруды тапсырған еді. Біз бұл ретте үш деңгейлі жүйені қалыптастырамыз. Олардың біріншісіне оқу-әдістемелік орталық сипатындағы республикалық деңгейдегі үш университет жатады. Екіншісі – облыстық деңгейдегі ҒЗИ мен тәжірибелі шаруа қожалықтар. Үшіншісі аудандық деңгейдегі – агроколледждер. Бұл айтарлықтай бюджет қаражатын талап етпейді», - деді Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің аграрлық ғылымды, білім және өндірісті интеграциялау мәселелері бойынша отырысында.

Оның айтуынша, орталық алдағы жылдары Қазақстанда 200 білім тарату орталығын ашуды көздейді.

«Функционалдық тұрғыда білім тарату жүйесі үш деңгейден тұрады. Алғашқысы – «Бастау». Ол бойынша жұмысын енді ғана бастап жатқан фермерлер мен ауылда өзін-өзі жұмыспен қамтушылар сапалы әрі нарықта сұранысы бар өнімді шығару ісі бойынша оқытылады. Екіншісі – Демеу. Бұл деңгей бойынша қалыптасып қалған фермерлер жаңа технологияларды пайдаланып, өнімнің бәсекеге қабілеттігін, еңбектің өнімділігін арттыру және жер құнарлылығын арттыру әдістерін үйренеді. Үшінші деңгей «Шебер» деп аталады. Бұл деңгей бойынша экспортқа шығуға әлеуетті тауар өндірушілер оқытылады», - деді ол.

Айта кетсек бұған дейін Төлеутай Рақымбеков отандық аграрлық ғылымның басты проблемаларын атаған болатын. Оның айтуынша, біздегі аграрлық ғылымның басты мәселесі – білім беру, трансферт пен коммерциялық технологияларды ұсыну бойынша ұйымдастыру жұмысының әлсіздігі болып отыр.


Жоғары қарай