Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Батыр Жүкембаев оппонентін алғашқы минутта нокаутқа жіберді

2021 жылдың 18 желтоқсан 2021 09:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісінен кейін араға жарты жыл салып, рингке оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Канаданың Монреаль қаласында өткен кеште мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альвареспен (28-10, 20 КО) қолғап түйістірді.

Бірінші жартылай орта салмақтағы айқас 6 раундқа есептелген болатын және ол Жүкембаевтың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық боксшы жекпе-жектің алғашқы минутында-ақ қарсыласын алдымен, нокдаунға, іле-шала нокаутқа жіберді.

Осылайша, Б.Жүкембаев кәсіпқой бокстағы 19-ыншы жеңісіне қол жеткізіп, биылғы мамырда пуэрториколық Сабриэль Матиастан (17-1, 17 КО) болған жеңілісін «жапты». Ол кезде Жүкембаев 8-інші раундтан кейін айқасты жалғастырудан бас тартқан еді.

Хуан Хосе Мартинеске келсек, бұл оның профибокс мансабындағы 11-інші жеңілісі.

Еске салайық, кеше Б.Жүкембаев жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өткенін жазған едік. Кештің басты айқасы ресейлік Артур Бетербиев (16-0, 16КО) пен америкалық Маркус Браун (24-1, 16КО) арасында өтті.




Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Бокс, Спорт, Қоғам, Видео,
Жоғары қарай