Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізінен жыл сайын қанша табыс түседі

2019 жылдың 16 шілде 2019 10:44 268

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚазАқпарат тілшісіне Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомобиль дәлізінен жыл сайын ел бюджетіне қанша табыс түсетінін айтты.

Министрліктің дерегінше, аталмыш құрлықаралық дәліздің жалпы ұзындығы – 8445 шақырым.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансконтиненталдық дәлізі 3 мемлекеттің аумағымен өтеді. Олар: Қытай-Қазақстан (25%), Қытай-Орталық Азия (35%) және Қытай-Қазақстан-Ресей-Батыс Еуропа (40%). Халықаралық жол осы аймақтар бойынша жүк тасымалдауды қамтамасыз етеді», - делінген министрліктің мәліметінде.

2019 жылдың алғашқы 5 айында аталған дәліз арқылы 650 мың тонна транзиттік жүк өткен екен.

«Бүгінде дәліздің орташа жылдық тиімділігі - шамамен 195 млрд теңге. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға өсуде. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан арқылы өткен транзиттік жүктің көлемі - 1,637 млн тонна. Оның 90 пайызы осы Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомобиль дәлізіне тиесілі. Нақтырақ айтсақ, дәліз арқылы 1,47 млн тонна жүк тасымалданған», - дейді министрлік өкілдері. 

Жоғары қарай