Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда 134 мониторинг тобы жұмыс істеп жатыр

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 15:01

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 134 мониторинг тобы жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, соның ішінде 20-сы - Орал қаласында, 114-і - аудандарда қызмет атқарып отыр.

Күні бүгінге дейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтағаманы үшін 634 әкімшілік хаттама толтырылып, 38,7 млн теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ дәрі-дәрмек бағасын өсіргені, рұқсатсыз сатқаны және тіркеу құжаты болмағаны үшін жеке дәріхана басшылары мен жекелеген адамдарға 10,12 млн теңгеге 61 айыппұл салынды.

Өңірде 6850 адамның коронавирусқа шалдыққаны тіркелсе, соның 6731-і сауығып шықты. 106 адам көз жұмды.

Пневмониямен ауырған 70 адамның 34-і стационарда, 36-сы амбулаторлық түрде емделіп жатыр.

Пневмониядан 206 адам қайтыс болды.

Қазіргі таңда жасанды тыныс алу аппаратына қосылған ешкім жоқ. Бір адам оттегі концентраторын пайдалануда.

Жұқпалы аурулар ауруханасында 40 адам жатыр. 4 адам жансақтау бөлімінде.

Кеше облыста коронавируспен ауырған үш адам тіркелді.

Мамандар өңірде өсім көрсеткіші төмендегенімен, санитарлық талаптарды босаңсытпау керектігін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда гемодиализ орталығы жаңа қонысқа көшкенін жазған болатынбыз.


Жоғары қарай