Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Батыс Қазақстанда 21 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 20:15

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 20 730 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, сондай-ақ Pfizer вакцинасын қабылдаған 5770 адамның 3108-і – жасөспірімдер, 195-і – жүкті, 2467-сі – бала емізетін әйелдер.

Осы кезге дейін 257 115 адам (егілуге тиісті тұрғындардың 62 пайызы) вакцинаның бірінші, 244 140-ы (58,9 пайызы) екінші компонентімен егілді.

Күні бүгін вакцинаның 78 455 доза І, 112 160 доза ІІ компоненті бар.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері 40 249 адам коронавирус жұқтырды.

2020 жылы 9 221 науқас анықталса, өткен жылы ауырғандар саны 30 849-ға жетті.

Жыл басынан бері 179 адамнан індет табылса, соның екеуі – балалар.

Қазіргі таңда 504 төсектік 9 инфекциялық стационарда 57 науқас жатса, соның 9-ы жансақтау бөлімшесінде.

2021 жылы 684 адам коронавирустан көз жұмса, соңғы аптада 3 науқас қайтыс болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 60-қа жуық науқастың стационарларда емделіп жатқанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай