Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Батыс Қазақстанда алдағы жылы 18 ауыл әкімі жаңадан сайланады

2021 жылдың 30 желтоқсан 2021 13:37

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында алдағы жылы 18 ауыл әкімі жаңадан сайланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.




БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, Орал қаласы және Жаңақала мен Тасқаладан басқа 10 ауданда сайлау өтеді.

Оның айтуынша, биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша облыста 42 ауылдық округте жаңа әкімдер сайланды.

Өңірде барлығы 151 ауыл әкімі болса, орташа есеппен алғанда, соның үштен бірі жаңарды деуге болады.

Екіншіден, халық ауыл әкімдерін сайлауға белсенді қатысты. Орташа қатысу көрсеткіші 76,7 пайыз болса, Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округінде 96,7 пайызға жетті.

«Сайлау науқаны барысында 113 адам ұсынылды. Соның 32-сі Nur Otan партиясының өкілдері болса, содан кейінгі орында – өзін-өзі ұсынғандар (12). Бір орынға 2,79 адамнан келді. Сайлау қорытындысымен әкім болғандардың 28-і – Nur Otan мүшелері, біреуі – Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, тағы біреуі – «Ауыл» партиясынан, 12-сі – өзін-өзі ұсынғандар. Бұрыннан өз қызметін атқарып келе жатқан 22 әкім қайта сайлауға түссе, соның үшеуі өте алмай қалды. Сайланғандардың тең жартысынан астамы – жаңадан келгендер. Енді оларға өзін жақсы қырынан көрсетіп, халық сенімін ақтауға мүмкіндіктері жеткілікті», деді Ғ.Қапақов.


Жоғары қарай