Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда автокөліктің өртенуі жиілеп кетті

2021 жылдың 23 қараша 2021 18:23

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тағы бір автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 23 қараша күні сағат 09.40-та Теректі ауданы аумағында болды.

Самара-Шымкент күре жолының 274-шақырымында Барбастау ауылы маңында 1974 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-21099» автокөлігі отқа оранды.

«Тілсіз жау» сағат 10.12-де оқшауланып, 10.23-те ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

Осымен соңғы екі күнде облыста 2 автокөлік жанып кетті. Жыл басынан бері өртенген көліктер саны 92-ге жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда көпір үстінде автокөлік жанып кеткенін жазған болатынбыз.




Жоғары қарай