Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда бір айда 100-ге жуық бала коронавирус жұқтырған

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 19:20

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қаңтар айында 99 бала коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қыркүйек айынан бері барлығы 304 баладан індет табылды.

Соның ішінде қарашада – 102, желтоқсанда 78 бала сырқаттанған болатын.

«Қызыл» аймаққа кірген өңірде соңғы тәулікте 95, бір аптада 555 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді.

Індет басталғаннан бері 10585 адам ауырса, соның 8907-сі жазылып шықты. 197 адам өмірден озды.

Қазіргі таңда инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 7, оттегі концентраторына 15, орталықтандырылған оттегі көзіне 57 адам қосылған.

Облыстағы 7 жұқпалы аурулар ауруханасында 291, 4 карантиндік стационарда 36 адам емделуде. 23 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтыру деңгейінің өткен жылдың шарықтау шегіне жақындағанын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай