Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда Бөкей хандығының 220 жылдығы аталып өтілмек

2020 жылдың 22 қазан 2020 11:27

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында алдағы жылы Бөкей хандығының 220, Жәңгір хан мектебінің 180 жылдығы аталып өтілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжановтың айтуынша, осыған орай арнайы комиссия, жұмыс тобы құрылып, іске кірісті.

Қазақстан тарихында елеулі орны бар Бөкей хандығының 1801 жылы іргесі қаланса, еліміздегі тұңғыш білім ордаларының бірі – Жәңгір хан мектебі 1841 жылы 6 желтоқсанда ашылды.




«Қазіргі таңда нақты жоспар жасалуда. Оралдағы «Бөкейліктер» қауымдастығының ұсыныс-пікірлері де ескеріледі. Негізгі шараларды алдағы жылдың күзіне белгілеуді жөн көрдік. Оған дейін Жәңгір хан 1826 жылы отауын тіккен тарихи Хан ордасы ауылын жаңғырту жұмыстары жүргізіледі», деді Нұрлан Сағынтайұлы.

Атап айтқанда, «Ауыл – ел бесігі» республикалық бағдарламасы аясында ауылдық мәдениет үйін, Жәңгір хан мектебі мен оның екі интернат ғимаратын күрделі жөндеу жоспарлануда. Қазіргі кезде жобалау-сметалық құжаттамасы сараптамадан өтуде. Сондай-ақ Жәңгір хан және Алма Оразбаева атындағы көшелерге асфальт жол салынады.




Бөкей хандығына байланысты тарихи деректердің Астрахан, Орынбор сияқты қалалардың архивтерінде жатқаны белгілі.

Осыған орай ресейлік ғалымдардың қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыру ойластырылуда.




Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда үйдің қабырғасына Жәңгір ханның бейнесі салынғанын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай