Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған снаряд табылды

2021 жылдың 24 мамыр 2021 22:08

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған снаряд табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 24 мамыр күні сағат 16.30-да Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында болды.

Ауыл шетінде жер қазып жатқан тұрғын таттанып кеткен снаряд тауып алған. Оның ұзындығы 100 см, диаметрі 15 см.

Снарядты Орал қаласынан арнайы барған саперлар залалсыздандыратын болады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Батыс Қазақстанның Орда (қазіргі Бөкей ордасы), Жәнібек аудандары Сталинград майданына тиіп тұрғандықтан, соғыс жағдайында деп жарияланып, талай рет бомба түсіп, снаряд жарылған болатын.




Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да автокөлік аударылып, екі адам зардап шеккенін жазған болатынбыз.


Жоғары қарай