Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда екпе алуы тиіс тұрғындардың 52,4 пайызы вакцина алды

2021 жылдың 19 тамыз 2021 15:48

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында екпе алуы тиіс тұрғындардың 52,4 пайызы вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, өңірде тұрғындар саны 661 162 болса, соның 360 мыңы екпе алуы керек.

Қазіргі таңда соның 188 678-і (52,4 пайызы) вакцинаның бірінші, 146 584-і (40,7 пайызы) екінші компонентімен егіліп үлгерді.

Департамент мәліметіне қарағанда, вакциналау көрсеткіші жөнінен Жәнібек ауданы алда келеді. Мұнда 8 285 тұрғынның 5 561-і немесе 67,1 пайызы бірінші, 4 829-ы (58,3 пайызы) екінші компонентті қабылдады. Сондай-ақ Тасқалада 9 066 тұрғынның 5 643-і (62,2 пайызы) вакцинаның бірінші, 4 666-сы (51,5 пайызы) екінші компонентімен егілді. Қаратөбеде 7 538 тұрғынның 4 018-і (53,3 пайызы) екпенің бірінші, 3228-і (42,8 пайызы) екінші компонентін алды.

Қалған аудандар мен Орал қаласы 50 пайыздан аса алған жоқ. Облыс орталығында егілуі керек 215 461 адамның 100 476-сы (46,6 пайызы) бірінші, 77 070-і (35,8 пайызы) екінші компонентпен егілген.

Ең төменгі көрсеткіштер Бөкей ордасы (бірінші компонентпен – 44,9 пайыз), Шыңғырлау (44,2 пайыз) және Жаңақала (38,5 пайыз) аудандарында.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 440 адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай