Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда індет жұқтырған 28 адам жансақтау бөлімінде жатыр

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 19:00

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 28 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 579 төсектік 7 жұқпалы аурулар стационарында жатқандар саны 295-ке жетті.

Сондай-ақ 185 төсектік 4 карантин стационарында 31 адам емделуде.

Осы кезге дейін облыста індетке 9935 адам шалдықса, соның 8600-і жазылып шықты. 175 адам көз жұмды.

Соңғы тәулікте 47, бір аптада 313 адамның коронавируспен сырқаттанғаны белгілі болды.

Пневмониямен ауырған 256 адам стационарлық, 51-і амбулаторлық ем алды. Бұл дерттен 264 адам қайтты.

Күні бүгін жасанды тыныс алу аппаратына 1, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 8, оттегі концентраторына 14, орталықтандырылған оттегі көзіне 60 адам қосылған.

Қаңтар айында отбасы мүшелерінен коронавирус жұқтырған 43 бала тіркелді.

Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан «ҚПО б.в.» компаниясында жыл басынан бері 14 адам ауырса, соның төртеуінен вахтаға кірер алдында, үшеуінен вахталық ауысым біткеннен кейін, жетеуінен жұмыстан тыс уақытта медициналық көмекке жүгінген кезде анықталды.

Чинарев кен орнындағы «Жайықмұнай» ЖШС-ында қаңтарда 6 адамның біреуінен вахталық ауысымға шығар алдында, бесеуінен жұмыстан тыс уақытта коронавирус табылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жұқпалы аурулар стационарында 260 адам емделіп жатқанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай