Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 55 пайыздан астамы Орал қаласында тіркеліп отыр

2021 жылдың 14 маусым 2021 15:39

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың 55 пайыздан астамы Орал қаласында тіркеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жыл басынан бері өңірде 14373 адамнан індет табылды.

Ауырғандардың 55,7 пайызы (8008) Орал қаласында, 14,3 пайызы (2063) Бәйтерек, 11,1 пайызы (1603) Бөрлі ауданында анықталған.

Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 7,7 пайызға (44 науқасқа) төмендеді.

Басқарма мәліметіне қарағанда, облыста 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда 416 науқас емделуде. Соның ішінде Орал қаласында 600 төсектік 5 ауруханада 356 адам жатыр. 30 науқас жансақтау бөлімінде.

Өңірде 77486 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші, 36395-і екінші компонентін салдырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 300-ге жуық адамнан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай