Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтыру деңгейі 11,2 есеге өсті

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 13:23

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 2725 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, өңірде індет жұқтыру деңгейі өткен айдың осы кезеңімен салыстырғанда, 11,2 есеге өсті.

Оның айтуынша, ауырғандардың басым көпшілігі (1725) Орал қаласында, сондай-ақ Бөрлі (330), Бәйтерек (267), Теректі (81) аудандарында тіркелді.

Сырқаттанғандардың 139-ы – 14 жасқа дейінгілер, 47-сі – 15- 17, 259-ы – 18-25, 928-і – 26-40 жас аралығындағылар, 414-і – алпыстан асқандар.

Сондай-ақ 48,8 пайызы (1332) – жұмыс істейтін адамдар, 22,6 пайызы (618) – жұмыссыздар, 14,5 пайызы (396) – зейнеткерлер, 3,5 пайызы (97) – оқушылар, 3,6 пайызы (99) – медицина қызметкерлері, 3,1 пайызы (85) – мұғалімдер.

Соңғы аптада (14-20 қаңтар) алдыңғымен (7-13 қаңтар) салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 78,1 пайызға (478-ден 2188-ге) артты.

«Жыл басынан бері 97 оқушы, 85 мұғалім, 21 студенттен індет табылды. Күні бүгін карантинге жабылған сыныптар жоқ. Мектепке дейінгі ұйымдарда 23 науқас тіркелді. 1 балабақша және 25 балабақшадағы 38 топ карантинге жабылды», деді М.Арыспаев.

Оның сөзіне қарағанда, 1 қаңтардан бері мемлекеттік шекарадан анықтамасыз өткен 352 жолаушының үшеуінен, халықаралық жүк тасымалымен айналысатын 348

жүргізушінің біреуінен вирус анықталды. 139 адамға елге кіруге тыйым салынды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған 224 науқастың стационарда емделіп жатырғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай