Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны 211 мыңнан асты

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 16:34

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 211 298 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, бұл – өңірде егілуге тиіс тұрғындардың (360 мың) 58,7 пайызы.

Сондай-ақ 179 194 адам (49,8 пайыз) екпенің екінші компонентін қабылдады.

Аумақтық бөліністер бойынша алда келе жатқан Жәнібек ауданында 6027 тұрғын (72,7 пайыз) бірінші, 5367-сі (64,8 пайыз) екінші компонентпен егілді. Сол секілді Тасқала ауданында 6221-і (68,6 пайыз) бірінші, 5368-і (59,2 пайыз) екінші компонентті алып үлгерді.

Департамент мәліметіне қарағанда, Оралда барлығы 215 461 адам екпе алуы тиіс болса, күні бүгін соның 51,8 пайызы (111 590) бірінші, 43,9 пайызы (94 670) екінші компонентті қабылдады. Екпе алу жөнінен Шыңғырлау, Жаңақала аудандарында қарқын баяу.

Облыс бойынша 47 егу кабинеті жұмыс жасап жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 370 адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай