Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда мұз ойылып, автокөлік өзенге түсіп кетті

2020 жылдың 25 қараша 2020 09:15

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында мұз ойылып, автокөлік өзенге түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 22 қараша күні Бәйтерек ауданында болған.

Макаров ауылының тұрғыны мұздың қалыңдығын тексеру үшін Шаған өзеніне барып, «Ауди» автокөлігін биіктеу жерге қойып кеткен.

Ол мұзды жаяу қарап жүргенде, автокөлігі өзенге қарай жылжып кеткен.

Автокөлікте ешкім болмаған. Ал әлеуметтік желіде таралған бейнежазбадағы адамдар – оған көмектесуге келген ауылдастары.

Бәйтерек ауданы полиция бөлімі учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция аға лейтенанты С.Машанов автокөлік иесімен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да алаяқтың жұмысқа орналастырамын деп 35 тұрғынды алдап кеткенін жазған болатынбыз.



Жоғары қарай