Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда шалғайдағы 70 елді мекен мобильді интернетпен қамтылмақ

2020 жылдың 13 қараша 2020 20:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында шалғайдағы 70 елді мекен мобильді интернетпен қамтылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, көптеген IT-шешімдерді жергілікті компаниялар жүзеге асырып келеді.

Биыл 3G/4G технологиясының көмегімен тұрғындар саны 250 адамнан асатын ауылдық елді мекендерге мобильді интернет жүргізу жобасы қолға алынды. Осы жобамен жыл соңына дейін 70 ауылға интернет жеткізу көзделуде.

Мемлекет басшысының «адамдар емес, деректер «жүгіруі» керектігін» атап өткені белгілі. Шынында да цифрландыру мемлекеттік қызмет алуды жеңілдетіп, қағазбастылықты жояды.

Айталық, биылғы тоғыз айда электронды мемқызмет саны 80 пайызға дейін өсті. Өткен жылы мемлекеттік қызметтердің 70 пайызы электронды түрде көрсетілді.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында геоақпараттық портал енгізілуде, төтенше жағдай кезінде қысқа мерзімде stopcovid.kz сайты іске қосылды. Komek109 Uralsk call-орталығы бізге жақсы көмектесті. 112 call-орталығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жұмыстың орындалуын бақылау жүйесі, «SmartUralsk» мобильді қосымшасы жұмыс жасап тұр», деді Ғ.Есқалиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да пайдаланылмай жатқан 909,8 мың гектар ауыл шаруашылығы жері анықталғанын, өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,4 трлн теңгеге жеткенін, Оралда «Ақжайық» шағынауданында алдағы жылы тұрғын үй салу басталатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ облыс әкімі «сары қыздың» елесіне байланысты түсінік берді.
Жоғары қарай